Негізгі Жаңалықтар А. Байтұрсынұлы атындағы мектепте оқушылар көрмесі ашылды

А. Байтұрсынұлы атындағы мектепте оқушылар көрмесі ашылды

5-қыркүйек күні ақын, ағартушы, ұлы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы өмірге келді. Осы күнге орай елімізде тілдер мерекесі аталып өтіледі. Сондай-ақ, ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналған әр түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Ал, ғалымның өз атындағы мектепте оқушылар көрме ұйымдастырды. 




Ахмет Байтұрсынұлын бүгінгі ұрпақ қалай таныиды? Еңбегімен, өмірімен қаншалықты таныс? Бұл сұрақтың бәрі осы көрмеде тұрғандай. Бұндағы жұмыстарды мектеп оқушылары үлкен ізденіспен жасап қана қойған жоқ, ахметтану ғылымының алғашқы баспалдағына қадам басты деуге болады. 

Әсел Бопышева, А. Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі жобб мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне қарсы оқушыларымыз жыл сайын көрме ұйымдастырады. Ол көрмеге оқушыларымыз лэпбук өз қолдарымен жасап шығарады. Лэпбуктарын кітапша ретінде шығармашылық тұрғыдан жасайды. Сонымен қатар видеороликтар ұйымдастырылып, біздің телевизорымызға қойылады. Және бұл күнге орай өлеңдер сайысы өтеді.

Көрмеден ұлы ғалым жайлы көрнекі ақпараттарды көптеп тамашалауға болады. Мектепке ұлт ұстазының аты берілгелі бері бұл бағыттағы жұмыс күшейе түскен. 





Бөлісу