Өткен жылы Павлодар облыстық сотында 30 мыңға жуық азаматтық іс қаралған. Оның жартысынан көбіне түпкілікті шешім қабылданыпты. Соңғы жылдары сот істеріне жаңашылдықтар енгізіліп, шешім қабылдауда ілгерілеушілік байқалған.
Халықтың азаматтық істер бойынша сотқа щағымдануы жыл сайын артуда. Көрсеткіштер солай дейді. Мәселен, 2024 - жылы, 2023 - жылмен салыстырғанда 5,6 пайызға көбейген. Жұртшылық электронды форматта арызды көптеп түсіруде.
Сонымен қатар, азаматтық істерде татуласу жағдайы да көбейген. Бұл медиация институтының белсенді жұмысының нәтижесі дейді судьялар.
Жанасыл Серікбол