Ақсу қаласында 14 жастағы оқушы мектеп дәретханасында темекі шеккені үшін ұсталды. Бұл жағдайды мектеп әкімшілігі дереу полицияға хабарлаған.

Темекі өнімін белгісіз жерде тұтынғаны үшін баланың ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Баласы мен ата-анасына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция департаменті ата-аналардан балаларына көңіл бөлуге және олардың әрекеттерін бақылауға шақырады. Айта кетейік, құқық бұзушылықтарды байқасаңыз, бірден 102 нөміріне немесе “police 102” қосымшасы арқылы хабарласа аласыз.