Павлодар облысында су тасқынының алдын алу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Төтенше жағдайлар департаменті техника және жеке құрамның дайындығын тексерді. Көктемгі кезеңде төтенше жағдайларға жедел әрекет ету үшін арнайы жоспар жасалды.

Облыс бойынша су тасқынының алдын алу және оның салдарын азайту үшін 47 тармақтан тұратын кешенді жоспар әзірленген. Бүгінгі күні оның 28 тармағы орындалды.Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы қолда бар техникалар мен жеке құрамның дайындығын тексерді. Құрамда 179 қызметкер, 64 арнайы техника, 59 мотопомпа және 4 жүзу құралы бар. Тексеру нәтижесінде жұмыс сапасын арттыруға арналған ұсыныстар берілді.

ҚАЙРАТ ШАЙМАРДЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Көктемгі кезең жақындап келеді. Сондықтан облыс бойынша алдын ала дайындық жұмыстарын ұйымдастырдық. Яғни, техникаларды тексеріп, қандай кемшіліктер барын анықтап, қай бағытта жұмыс істеу керек екенін көру. Инженерлік техниканы, жеке құрамды, су тасқыны кезінде қолданылатын техниканы, оның ішінде мотопомпалар, су өткізбейтін костюмдер мен эвакуация кезінде пайдаланылатын автобустарды тексереміз. Жалпы, Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдарын тексерудеміз.

Айта кетейік, мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің құрамына жергілікті атқарушы органдар, полиция, жедел жәрдем, еріктілер және басқа да қызметтер енеді. Жалпы, облыс бойынша 1600 адам, 650 техника, 34 жүзу құралы және 266 мотопомпа жұмылдырылмақ. Қажет жағдайда халықты эвакуациялау үшін 184 техника дайын.

Сабина Жолдаспаева