Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде суретші-педагог Наталия Решетованың «Менің махаббатым» атты жеке көрмесі ашылды. Көрме өнер иесінің туған күніне орай ұйымдастырылып отыр.

Наталия Решетова – пленэрлер мен көрмелердің тұрақты қатысушысы. Ол пейзаж, портрет, натюрморт сияқты жанрларда жұмыс істейді. Өнері жан-жақты. Он саусағынан өнер тамған шебер майлы бояу, акварель, киіз басу, фетр сияқты материалдарды қолданады.

НАТАЛИЯ РЕШЕТОВА, СУРЕТШІ

Қазір адамдардың бір орында отыруы қиын. Көпшілігіне физикалық тұрғыда да қиын. Ал маған фото суреттер көмектеседі. Сіз білесіз бе, менің жұмыстарымда не маңызды? Мен жақсы көретін адамдарымды бейнеледім. Кейбір портреттерді жазу – менің арманым болды. Біреулер үшін бұл мүлде күтпеген жағдай. Себебі, мен оларды жай ғана фотоға түсірген едім, ал енді олар өздерін көрмеден көре алады.

Көрме «Менің махаббатым» деп аталады. Бұл Наталия Владимировнаның өнерге деген сүйіспеншілігін ғана емес, сонымен қатар оның шығармашылық жолындағы табандылығын көрсетеді.

АҚЕРТІС СОЛТАНБАЕВ, НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МУЗЕЙІНІҢ БАСШЫСЫ

Құрметті жерлестер, өнер сүйер қауым бүгін Решетова Наталия Владимировнаның өзінің дербес көрмесі ашылып отыр. Әрине бұл өзінің 50 жас мерейтойына арналған үлкен іс-шара. Сондықтан Наталия Владимировна сізге зор денсаулық тілеймін. Сіздердің көрермендеріңіз әрқашан осылай көп, жақсы деңгейде сізді бағалайтын болсын.

Наталия Владимировнаның шәкірттері де түрлі деңгейдегі байқаулардың жүлдегерлері. Бүгін ол көрмеде өзінің ең сүйікті туындыларын ұсынды.

Сабина Жолдаспаева