Ақтоғай ауданы Шұға ауылында су құбыры қолданысқа берілді. Бұл қуанышты жаңалықты тұрғындар көптеп күткен еді. Толығырақ алыстағы ауылға барып тұрғындардың көңіл-күйін көріп қайтқан тілшіміз тарқатсын.

Шуга ауылында су құбырын салуға 247,6 млн теңге қаражат бөлінген. Мұнда екі ұңғыма бұрғыланып, 5,5 км ұзындықта құбырлар төселген. Сонымен қатар, мердігер ұйым су мұнарасы, су тазарту станциясы, резервуар және электр жүйесін орнатып, 15 дана өрт гидрантын қойған.

ЕРМЕК МАШРИКОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Мемлекет басшысы ел тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлуде. Бұл бағытта ауданымызда белгілі жұмыстар атқарылды. Бүгінгі таңда ауданның барлық елдімекендерінде сапалы ауызсумен толықтай қамтамасыз етілген. Құрметті жерлестер сіздерді аудан үшін маңызды жаңа су құбырының ашылуымен тағы бір мәрте құттықтауға рұқсат етіңіздер

Бұл-ауыл тұрғындары үшін ерекше күн. Жылдар бойы күткен ауыз су енді үйдің ішінде. Елдімекен көркейіп келеді, қаладан кем түспейміз дейді, шұғалықтар.

МАЙДА ҚАЙЫРГЕЛЬДИНОВА, ШҰҒА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Қай уақытта елімізде су болды. Міне осы жасқа бірінші рет осы суды көріп отырмыз. Мен өмірге жаңа келгендей боп тұрмын шынымды айтсам. Мұндай жақсылық бола берсін. Еліміз жылда көркейіп келеді

Ақтоғай ауданы Жолболды ауылдық округінің Шұға ауылында 36 аула 234 тұрғын бар. Бүгінде 36 үйдің 22-сі сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр.

ЕЛАМАН АРАЛОВ, ЖОЛБОЛДЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

Су болмағанда ертеде кбннен су алатын. Қазір су қосылып, өте жақсы болды халыққа. Көбі бізде мал шаруашылығымен айналысады. Суды халық өте көп күтті енді бүгін жақсы қуаныш болып жатыр елге

Көптен күткен қуаныш қойнына сыймай, мерейі тасып отырған жандардың бірі Шұға ауылында 50 жыл тұрып келе жатқан Елеусіз Рахымжанова. Су құбыры іске қосылған соң үйінде ыстық, суық су ағып тұр.

ЕЛЕУСІЗ РАХЫМЖАНОВА, ШҰҒА АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Міне қазір бізде жылы су, суық су да бар. Суымыз тұщы. Тіршілік кілті су болғандықтан алыс кеткен ауыл адамдарының балалары қайтадан келңп жатыр. «Елден ел кетсе жұт, елге ел қосылса құт» дейді. Ауыл азаматтары ИП ашып, көркейтіп жатыр ауылымызды. Мұның бәрі ауылды көркейтудің, еле азаматтары мен әкімдердің жұмыс істеп жатқанының белгісі 0

Ауыз судың үйге келгеніне еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін бек риза. Әрине, бұл орайда, халықтың тұрмыс-тіршілігі оңтайланып, ауыл-аймаққа заманның игілігі жетіп жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Қымбат Садық