Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Музейдегі еврей тарихы» атты көрменің ашылуы өтті. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме мәдени мұраны сақтауға және әртүрлі этностар арасындағы байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосады. Келушілер көрме арқылы өнердің алуан түрлілігі мен тарихтың сабақтастығын тереңірек түсінуге мүмкіндік алады.
ОЛЬГА ПАШКО, НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Бұл көрме екі маңызды оқиғаны біріктіреді. Отан соғысындағы жеңіс және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы. Біз 20-30-40 ыншы жылдардағы суретшілердің шығармашылығын еске ала отырып, олардың қиындықтарға қарамастан, тек әдемі дүниені көрсетуге ұмтылғанын көрсетеміз. Суретшілер өз жұмыстарында әлемді жақсартуға және кәсіби шеберліктерін дәлелдеуге тырысты. Бұл көрме арқылы біз олардың мұрасын жаңа көзқараспен бағалауға мүмкіндік аламыз.
Көрме музей қорынан алынған туындыларды қамтиды. Мұнда кескіндеме, графика және мүсін өнерінің көрнекті өкілдерінің еңбектері қойылды. Көрмеде ұсынылатын туындылар авторларының тағдырлары әртүрлі болған. Кейбірі Қазақстанға жер аударып келген. Енді біреулері Израильге қоныс аударған.
ОЛЬГА ПАШКО, НАҒЫМБЕК НҰРМҰХАММЕДОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КӨРКЕМСУРЕТ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Көрмеде шамамен 60 туынды ұсынылған. Ал мұражай қорында жалпы 6000-нан астам туынды бар. Яғни оның 10 пайызы еврей суретшілерінің жұмыстары.
Бұл көрмеде портреттер көп ұсынылды. Себебі 30-40 жылдары еңбек адамдарының, соғыс ардагерлерінің портреттері өте маңызды болған. Сондықтан суретшілер портрет жанрын дамытып, өз шеберліктерін шыңдады. Өйткені бұл жанр өте күрделі. Портреттерде суретшілер адамның ішкі және сыртқы келбетін көрсетуге тырысты. Адамдарың ерекшеліктерін жеткізуге ұмтылды.
Айта кетейік, Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы көркемсурет музейі 2000 жылдардан бастап «Мерказ» еврей орталығымен тығыз байланыста жұмыс істеп келеді. Бұл ынтымақтастықтың аясында жастар мен аға буын өкілдеріне арналған түрлі көрмелер мен мәдени шаралар ұйымдастырылып жүр.
ИРИНА ТВЕРИТНЕВА, «МЕРКАЗ» ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мен осы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында шара, еврей көрмесінен басталғанына өте қуаныштымын. Біз музеймен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Мұнда балалармен де қарт адамдармен де жиі келіп, барлық көрмелерге қызығушылық танытамыз. Көрмеден бұрын мен картиналарды қарап шықтым, және оларды балалық шағымда көргендей болдым. Міне, дәл осы картиналардың түпнұсқалары біздің музейімізде екені мен үшін күтпеген жаңалық болды.
Шара өнерсүйер қауымға еврей суретшілерінің шығармашылығымен жақын танысуға, олардың тағдырларынан сыр шертуге мүмкіндік берді.
Сабина Жолдаспаева