Биыл Ауғанстан демократиялық республикасынан әскерлердің шығарылғанына 36 жыл. Осыған орай айбынды азаматтар құрметіне арналған әскери-патриоттық ән фестивалі өтті. Оған қала оқукшылары мен студенттерде қатысты.

КСРО кезінде ұзақ уақыт сарбаздар өмірін жалмаған – Ауған соғысы тарих бетінде өшпес із болып есте қалды. Жат жұртта сұм соғысқа қатысқан жауынгерлердің Ауған жерінен азат болағанына 36 жыл. Намыс пен рухты жауынгерлерді жыл сайын ақпан айында еске алады. Дәстүрлі фестивальде әнмен қатар соғыстың өмірін бейнелеген кино фильмдер де ұсынылды.

Сахна төрінде 30-ға жуық қатысушы жүрекжарды әндері арқылы Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық қасиеттерін көрсете білді. Шара ұйымдастырушылары бұл күннің маңыздылығы ерекше екенін айтты.

ТҰРСЫН ӘЛІМЖАНОВ, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ

Мен 1978 жылы Лебяжі ауданынан әскерге шақырылып, армиға кеттім Ташкент деген жерге түстік. Содан әрі қарай 1979 жылы Ауғанстан жеріне кіргендердің ішінде бармын. Кеңес әскері 25 желтоқсанда кірсе, біздің полк 27 желтоқсанда екі күннен кейін кірдік. Әскери қызметім Хабул деген қалада сол жерде өтті

Ал, қаламыздағы № 18 ЖОББМ-нен іріктеуден сүрінбей өткен екі қатысушы келді. Бұл байқауға ұстазымен тыңғылықты дайындалған. Мектеп ауған соғысы ардагерлерімен тыңғылықты жұмыс істейді.

НАЗЫМБЕК ТАСЫБАЕВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ №18 ЖОББМ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПӘН ЖЕТЕКШІСІ\

Бүгінгі ән фестивалі жасөспірімне патриоттық сенім тәрбиелейді. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Ұлы Жеңістің жемісіне және Ауғанстанға барып келген, өз азаматтық борышын орындап келген ағаларына сыйлық білдіреді. Сол кісілерден үйренеді, сол кісілердің ерлігін әнге салып айтады

Паториоттық ән фестиваліне ауған соғысының ардагерлері мен әскери сала қызметкерлері жиналды. Әр сахналық нөмірге дайындалған фильмдер ешкімді бей жай қалдырмады. Сарғайса да тарихтың ақ парағы, бұл күндер мәңгі есте сақталады. Қанша жыл, уақыт өтсе жауға қарсы шыққан ержүрек, намысты батырлардың аты ешқашан өшпейді.

Қымбат Садық