Павлодарда өткен аптада басталған классикалық шахматтан халықаралық турнир аяқталды. Бұл – өңіріміздің алғашқы шахмат шебері Юрий Никитинді еске алуға арналған дәстүрлі дода. Жарыс нәтижелері қандай? Экранға зер салайық.

Юрий Никитин көп шәкірт тәрбиелеп, шахмат мәдениетінің қалыптасуына үлес қосқан азамат. Оның құрметіне арналған турнир биыл 16-рет ұйымдастырылып отыр. Жарыстың негізгі мақсаты – шахматшылардың шеберлік деңгейін көтеру, халықаралық дәрежедегі жаңа спортшыларды қалыптастыру.

ВЛАДИМИР ГРЕБЕНЩИКОВ, ШАХМАТШЫ

Жергілікті жастар да, басқа өңірлерден келген жастар да өте жақсы ойнайды. Таң қалдым. Болашақта керемет нәтиже көрсете алады. Кеңес кезінде ондай жастар болмады. Бұл компьютерлердің көмегі десек болады. Балалар ерте жастап ойнайды. Ал, Юрий Никитинмен таныс болдық. Бір үйде тұрдық. Турнирлерге барып бірге жүрдік.

Биыл жарыс ерекше тартысты өтті. Қатысушылар қатарында әлемдік деңгейдегі жүлдегерлер, чемпионат жеңімпаздары бар. Олар Қазақстан, Ресей, Беларусь, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген.

ПАВЕЛ КАЗАКОВ, ШАХМАТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ

Турнир жақсы өтті. Барлығын орбитрлер жақсы бағаланды. Менің ойымша, бұл жақсы көрсеткіш.

Әр ойын күні бір немесе екі тур өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша жеңімпаздарға алғыс хаттар, ақшалай сыйлықтар табысталды.

Самал Қалиқызы