Павлодар облысында қазақтың тазысы өсіріледі. Біздің өңірде Қазақстанның чемпионы Томпақ атты тазы өмір сүреді. Жалпы тазы итінің қасиеті неде? Оны өсірук үшін нені білу керек? Толығырақ келесі сюжетте.

Тазы мен төбет ежелден қазақтың үйдегі әрі түздегі сенімді серігі болған. Бірі аңшылықта қоржынды бос қай¬тармайтын жүйрік болса, екін¬шісін мал баққанда ертеді. Соңғы жылдары тазы мен төбетті қор¬ғауға мемлекеттік деңгейде көңіл бөлініп жатыр. Павлодарда да тазы мен төбет өсіретіндер бар.

Мәселен Дәурен Көптілеуов 15 жылдан бері тазы өсірумен айналысады.

ДӘУРЕН КӨПТІЛЕУОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Бастағаным, әкемнің досы Уақасов Төлеген 2009 жылы сыйлаған еді. Содан бастап айналысып келемін. Қалада ұстау қиындау. Ауыл жерде бос жүреді. Қаланың сыртында жүгіртеміз. Жұмасына шығып тұрамыз.

Бұл - Томпақ. Дәуреннің мақтанышы, Қазақстан көрме чемпионатының жеңімпазы. Иесінің сөзінше, аңды да жақсы аулайды екен.

ДӘУРЕН КӨПТІЛЕУОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Томпақ деген арлан тазым бар. Қазақстан бойынша көрмелерден орын алды. Жасы төртте. 7 рет орын алды. Көктұйғын деген тазым бар. Ол бірнеше рет Шырға бойынша ұтып жүрді. Әдемілігінен жаңағы.

Дәурен Көптілеуов жалпы 6 тазы асырайды. Бәрі де ерекше күтімді қажет етеді. Сөзінше, сарапшылар көрмелерде осы тазылардың жүріс-тұрысына дейін баға береді екен.

ДӘУРЕН КӨПТІЛЕУОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Біз выставкаларға барамыз. Эксперттер бар, ортақ бір баға береді. Тұрған тұрысына, жүрген жүрісіне баға береді. Көзіне, тісіне баға береді.

Кейіпкеріміз қол астындағы төртаяқты достарын әлемдік деңгейде көргісі келеді. Бұл бағытта алғашқы жетістіктері де бар.

Самал Қалиқызы