9-шы Азия ойындары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатыр. Ұлттық құраманың ойыншылары алғашқы күннен жақсы нәтиже көрсетіп жатыр. Олжас Климин ел қоржынын 9-шы жүлдемен толықтырды.

Азиада басталған бетте Қазақстандық шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы алтын медаль алды! Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Ажғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті. Ал шорт-трекші қыздарымыз күміс медаль алды! Қызщдар сапында Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмарқан, Алина Ажғалиева, Мадина Жанбусинова. Одан кейін, Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасы күміс медаль алды. ІХ қысқы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан аралас сында біздің құрама екінші орынға қол жеткізді. Команда құрамында Аяна Жолдас, Асан Асылхан, Шерзод Хашырбаев бар. Күні кеше Олжас Климин Азиада ойындарының қола жүлдегері атанды. ІХ қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан 10 шақырымға еркін стильде сынға түскен отандасымыз үшінші орынға ие болды. Айта кетейік, Олжас Климин Ұлттық құрама қоржынына тоғызыншы жүлдені салды. Аталған сында Климин мықты қарсыластарынан озып кетті. Оның ішінде қытайлық спортшылар Бао Лин бар едің. Ол 2019 жылғы әлем чемпионатында 13-орын алған болатын. Тағы бір қытайлық басты атлет Чен Деген мен жапониялық Такацугу Уда бар еді. Халықаралық турнир Харбинде ақпанның 7-де басталды, 14-де жабылады. Оған Азиядағы 34 елден 1270 спортшы қатыспақ.