Өңірлік кадр резерві – жастарға үлкен мүмкіндіктер сыйлайтын бірегей жоба. Себебі мемлекеттік қызметке орналасу үдерісі бұрынғыдан да оңай әрі қолжетімді бола түсті. Бұл бағдарлама арқылы мыңдаған жас мамандар өз әлеуетін жүзеге асырып, мемлекеттік қызмет саласында табысты мансап құруда.

Жақында енгізілген жоба арқылы үміткерлер енді барлық қажетті кезеңдерді қашықтан, онлайн форматта өте алады. Осындай мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өңірлік кадр резерві арқылы іріктеліп, бүгінде облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы болып Темірлан Лұқпан тағайындалды. Ол еңбекқорлығы мен кәсіби біліктілігінің арқасында үлкен мақсаттарына қол жеткізіп отыр.

ТЕМІРЛАН ЛҰҚПАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ

Жасым 28. Мен мемлекеттік қызметші жолын кәсіпкерлік және индустриялық инновациялық даму басқармасының өнеркәсіпті даму бөлімінің бас маманы болып бастадым. Өткен көктемде іріктеу туралы естідім. Қызығушылық үшін құжаттарымды тапсырдым. Өңірлік кадр резерв плдатформасына жүктедім. Одан кейін заңнаманы білу және қасиеттерді бағалау бойнша тесттерді өттім. Содан кейін бізді Астанаға ассессмент орталығына жіберді.

Өңірлік кадр резерві – жастарға сенім білдіретін алаң ғана емес, кәсіби өсудің жаңа баспалдағы. Өңірлік кадр резервіне іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады. Кандидаттар заңнаманы білу бойынша тест тапсырып, кәсіби қабілеттерін дәлелдеуі қажет.

ТЕМІРЛАН ЛҰҚПАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ИНСПЕКТОРЫ

Облыс әкімдігінде қорытынды кезең құрылымдық сұхбат өтті. Біз өз жобаларымызды қорғадық комиссия төрағасы облыс әкімінің сұрақтарына жауап бердік. Осы резерв аясында мені облыс әкімінің аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас инспекторы болып тағайындады. Менің осы лауазымдағы бас міндетім Ақсу қаласын және Шарбақты ауданына басшылық етемін. Облыс әкімінің осы қала немесе ауданға шыққан кезіндегі іс-сапарын ұйымдастырамын. Менің ойымша өңірлдік кадр резерві жастара арналған керекті жоба. Себебі жастар осы резерв арқылы жақсы лауазымдарға тағайындалады.

Өңірлік кадр резерві – аймақтардағы жас әрі талантты мамандарды анықтап, оларды мемлекеттік басқару жүйесіне тартуға арналған жоба. Айта кетейік, өңірлік резервке іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар азаматтар қатысуға жіберіледі.

Сабина Жолдаспаева