Мойылды көшесі 83-ші мекенжайдағы бір қабатты екі пәтерлі тұрғын үйде ағаш құрылымдар отқа оранды. Жалын 80 шаршы метрді шарпыды. Сонымен қатар, үйдің ішінде жиһаз бен үй заттары да жанған. 

Жантуар Батырханов, ТЖБ бас инженері:

Оқиға орнына 23 қызметкер мен 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сөндірушілермен 1 газ балоны эвакуацияланды. Жарақаттанғандар жоқ. Өрттің басты себебі  электр ұзартқышына қосылған қуаттау құрылғысының тұйықталуынан болды.   

 

Самал Қалиқызы