Биыл жерлесіміз, жазушы Всеволод Ивановтың туғанына 130 жыл толады. Айтулы датаға орай Аққулы ауданының кітапханасында ауқымды шара өтті. Оған біздің арнаның түсірілім тобы да куә боп қайтты.

Аудандық кітапханадағы шара «Сан түрлі өмірдегі дәуір» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Кеңес әдебиетінің бастаушыларының бірі, драматург, журналист Всеволод Иванов 1895 жылы 24 ақпанда Аққулы ауылында дүниеге келген, ал 1963 жылы Мәскеуде дүниеден озған. Орыс ақыны Сергей Есенин жерлесіміз туралы «Иванов Сібірді өзінен бұрынғыларға қарағанда басқаша суреттеді және Моңғолияның ерекше жабайы сұлулығын бізге бірінші болып көрсетті» деген екен. Сондықтан, мектеп оқушылары мен музей қызметкерлерін жинап, жерлестерін еске алды.

ЛАУРА КҰМАРОВА, АҚҚУЛЫ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл шараны өткізудегі мақсатымыз жерлесіміз туралы аз мәліметті қызықты етіп жеткізу, музей қызметкерлері өздерінің қолда бар жәдігерлерін әкеліп, ақпараттарын берді. Оқушылар өз білгендерін айтты, кітапхана мамандары балаларға қызықты ақпарат ұсынды. Бұл тек бастамасы әлі де мектеп ұжымымен, Аққулы елінде һткізіліп жатса Бұқар жырау музейіне оқушыларды апарып, қызықты ақпараттар беруде мақсатымыз бар еді осы кітапханда арнайы бұрышы бар жәіне тарихи мұра орталығында ақпараттық бұрыш қызмет етуде.Барлық мектептерде кітап көрмелері дайындалып, әзірленген

Сондай-ақ, шараға Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі арнайы келіп, көрме ұсынды. Онда жазушының өзі қолданған қарандаштары, ерте кезде жазған ашық хаттары, замандастарымен түскен фото-суреттері қойылған.

МЕЙРАМҒАЛИ ЕСМҰХАНОВ, БҰҚАР ЖЫРАУ АТЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР МУЗЕЙІНІҢ БАС ҚОР САҚТАУШЫСЫ

Біз енді осы кешке арнайы музейдің қорында бар Всеволод Ивановтың заттарын әкеліп отырмыз. Бұл ерте кезде осы музей ашылғанда тапсырылған. Оның ішінде өзі қолданған баспа машинкасы, қолжазбалары содан соң өзінің кезінде хоббиі ретінде жинаған минералды тастары, және ол он саусағынан өнер тамған адам болған. Сол өзінің қолынан жасаған желкенді қайық, сол сияқты ағаштан жасалған қобдиша сияқты заттарды қойып отырмыз .Әр елдімекен жерінің өзінің ірі тұлғалары, батырлары, ақын-жазушылары болады. Оның бәрін түгел осындай елден шыққан адамдарды жас ұрпаққа көрсетіп, жеткізу міндетті түрде деп өзім ойлаймын

Қазіргі таңда аудан орталығында Всеволод Ивановтың атындағы көше бар. Мектеп оқушылары шара барысында мол мағлүмат алды. Оларға бейнеролик көрсетіліп, буклеттер таратылды.

Қымбат Садық