Бала күтіміне байланысты 3 жылға дейін үйде жұмыссыз отырған ата-ананың уақыты, зейнетке шығарда еңбек өтілі ретінде есептеледі. Конституциялық Сот осындай ұйғарым шығарды.

Дегенмен, Отбасы көпбалалы болған жағдайда, әр балаға 3 жыл емес бас-аяғы 12 жыл ғана есептеледі. Конституциялық іс жүргізуге азаматтың өтініші себеп болған. Сот оның зейнетақысын есептеген кезде, бұл талап, тек жұмыс істемейтін аналарға ғана қатысты екен айтып, бала күтімі уақытын есепке алудан бас тартқан.