Ақсу ауылдық аймағы Қалқаман кентінде «Заң және тәртіп» республикалық идеологиясы және «Құқық бұзушылықсыз мектеп» қалалық жобасы аясында «Жас Сарбаз» қалалық байқауы өтті. Жарысқа 300-ден астам қатысушы бақ сынады.

Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылар арасында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру, құқықтық сананы арттыру және азаматтық жауапкершілікті дамыту. Сонымен қатар, жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын оятып, тәртіп пен ұйымшылдықты нығайту көзделген.Ауқымды шараға қала мектептерінің оқушылары ғана емес, ата-аналар, педагогтер және құқық қорғау органдарының өкілдері де белсене қатысты.

Ризагүл Негманова, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары

Осындай жас сарбаздарымыз отаннан алып жатқан тәрбиесімен ертеңгі күні біздің отан сүйгіш азаматтарболады дегенге біз сенеміз. Ал мына тұрған жас сарбаздар сіздермен қатар ата-аналарыңыз ұстаздарыңыз қатысып жатыр. Бүгінгі сайыс баршаларыңызға керемет көңіл күй әкелсін.

Биылғы жарыс Қалқаман ауылындағы мектеп базасында ұйымдастырылды. «Құқық бұзушылықсыз мектеп» жобасы аясында бұл шараға Ақсу қаласының 15 мектебі қатысты. Айта кетейік, өткен жылы бұл байқауға небәрі 6 мектеп қатысқан. Демек, жоба ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Бұл – оқушылардың әскери-патриоттық бағытқа деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.

Рүстем Жақсылықов, Қалқаман жалпы орта білім беру мектебінің басшысы

Дайындық бізде бір дыло бойы жүріп жаытр. Әр жыл сайын болады дегенсоң оқушылардыі бәрі дайындыққа сақадай сай. Біздің мектепті таңдаған себебі кадет мектебі бар. Біздің тәриешілердің деңгейі жоғары.

Жарыс барысында қатысушылар саптық дайындық, әскери тактика, қарумен жұмыс істеу дағдылары бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, пневматикалық мылтықтан ату, командалық ойындар мен түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Дінислам Қанат, Ақсу қаласы Ы. Алтынсарин атындағы ЖОББ мектебінің 10-сынып оқушысы

Бұл жерде бізде сабақ аптасвына бір рет кіреді. Бұл жерде біз барлығымен айналысамыз. Бізге барлығын көрсетеді автоматты қалай шашып жинау және де қалай ату керектігін. Мен бұл жерге бірінші рет келіп тұрмын және алдағы уақытта тағы келемін. Қарсыластарыма сәттілік тілеймін. Және өзімнің командама да сәттілік тілеймін.

Жас сарбаздар үшін бұл тек жарыс емес, үлкен тәжірибе алаңы. Мұнда олар тек әскери машықтарды ғана емес, жауапкершілік пен командалық рухты да үйренеді.

Ярослав Желтов, Ақсу қаласының №4 ЖОББ мектебінің 11- сынып оқушысы

Жас сарбазға мен мені алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімім шақырды. Көбінде біз қалай дұрыс мылтық ату ойынша дайындалдық.біз әр сәрсенбі және жұма күндері сайын жарысқа дайындалатынбыз. Ату және сап түзеу әрине қызық, бірақ турникке тартылу онша қызық емес. Жарысқа қатысудың өзі қызық, біз мұнда жеңу үшін келдік.

Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуіне ықпал етіп қана қоймай, олардың бойында елге деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Дильназ Қуанышбекқызы