Павлодарда Ертіс өзені арқылы салынып жатқан көпірде тағы да өрт тіркелді. Бұл бірнеше ай ішінде болған үшінші жағдай. Оқиға салдарынан ер адам газдан уланып, ауруханаға жеткізілді.

Көпірдің жоғарғы бөлігінде, шамамен 30 метр биіктікте құрылысқа қатысты материалдар жанып жатқаны анықталды. Тілсіз жау 160 шаршы метр аумаққа тараған. Өрт сөндірушілер толықтай сөндірді. Бұған дейін де осы нысанда қаңтар айының соңы мен ақпанның басында өрт болған.

Самат Қабдылов, Павлодар облысы тжд ресми өкілі

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде жетіп, өртеніп жатқан жылу оқшаулауғыш материалдары мен ағаш конструкцияларын сөндіру жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндірушілер өртті жедел бақылауға алып, одан әрі таралуына және көпір құрылымына жайылуына жол бермеді. Өрттің себебі анқталуда.

Оқиға салдарынан 2005 жылы туған ер адам көмірқышқыл газынан уланып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Қазір жағдайы тұрақты.

Сабина Жолдаспаева