Павлодар облысында екі бірдей басқармасының басшысы жаңадан тағайындалды. Цифрлық технологиялар басқармасы мен ауыл шаруашылығы басқармасының жетекшілері көпшілікке таныстырылды.
Облыс басшысының өкімімен Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқармасының басшысы лауазымына 33 жастағы Асылбек Ахметжанов тағайындалды. Ол екі жоғары білімге ие. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2016 жылы бастаған. Осы қызметке тағайындалғанға дейін 2025 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі қызметін атқарған.
Сондай-ақ, облыс әкімінің өкімімен өңірлік ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы лауазымына 38 жастағы Хамза Оразбеков тағайындалды. Ол да екі жоғары білімге ие. Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Осы тағайындауға дейін Павлодар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.