Павлодар облысында жыл басынан 100-ден астам борышкер жұмысқа орналастырылды. Бұл борышкерлердің еңбек етіп, жиналған қарызын төлеуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта бос орындар жәрмеңкесі де жиі өткізіледі.

Павлодар облысы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Айдын Саменқұловтың айтуынша, мәжбүрлеп орындату саласы, оның ішінде алименттік төлемдерді өндіру – ведомство жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Жеке сот орындаушыларының өндірісінде алимент өндіру бойынша 17,5 мыңнан астам атқарушылық іс бар, оның шамамен 5 пайызы – проблемалық. Айдын Саменқұлов, Павлодар облысы әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы

Жергілікті атқарушы органдармен борышкерлерді жауапкершілікке тарту мақсатында бор орын жәрмеңкелерін өткізу кестесі бекітілді. Жыл басынан осындай 3 жәрмеңке өтті. Нәтижесінде 111 борышкер жұмысқа орналастырылды. ал 70 адамды жұмысқа орналастыру мүмкін болмады.

Жалпы, департамент 11 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді. Жыл басынан 949 қызмет ұсынылып, оның 626-сы электронды форматта жүзеге асқан. Апостиль қою қызметі де толық автоматтандырылған: азаматтар шетелде жүріп-ақ өтініш беріп, нәтижесін PDF форматында ала алады.

Айдын Саменқұлов, Павлодар облысы әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы

2026 жылдың бірніші тоқсанында департаментпен 59 кеңес беру түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ауыл аймаққа шығу жиі болып тұрады. «Әділет кеңес береді», «Халық заңгері» жобалар мен ашық есік күндері де өтті. Облыста 135 құқық кабинеттері жұмыс істейді. Онда 2025 жылы 5 мыңға жуық адам келіп, көмек алды.

Жалпы, өңірде әділет саласы цифрландыру қызмет сапасын арттырып, азаматтар үшін ашық әрі қолжетімді жүйе қалыпастыруға мүмкіндік беріп отыр. Тұрғындар тәулік бойы 119 нөмері арқылы тегін құқықтық кеңес ала алады.

Самал Қалиқызы