Павлодар облыстық полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағына жауынгерлер керек. Қара бетперде киіп, қолына автомат алып, сіз бен біздің қауіпсіздігімізді күзеткендер қатары қаңтар оқиғасынан кейін ғана көбейе бастаған. Жалпы бұл қызметтің қиындығы мен қызығы жайлы келесі сюжетте.

Бұл көрініс жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың кезекті қылмыскерді құрықтау барысы. Қара бетперде киіп, қолына қалқан мен автомат ұстаған бұл жауынгерлердің біраз жылғы еңбегінің нәтижесі. Себебі, оқу аяқтай салып немесе әскерге барып келген қарапайым ғана ер жігіт бұл жерде халықтың қауіпсіздігін құзғыштай қорғайтын нағыз азаматқа айналады.

ӘЗИЗ НҰРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖҚАЖ ВЗВОД КОМАНДИРІ

Көбінесе қызметкерлерді ұстаумен айналысамыз. Оқиғалар әртүрлі болады ғой. Азаматтардың құқықтарын сақтау, қоғамдық тәртіпті бақылаудамыз әрқашанда.

Осылайша ҚР-ның азаматтарының құқықтарын қорғау, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лаңкестік іс-әрекеттердің жолын кесу, ұйымдасқан қылмыскерлерге тоқтау қою, мұның бәрі де жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлерінің міндетіне кіреді. Қиын да күрделі тапсырмаларды орындайтын жауынгерлер дұшпанға дес бермей, қызметін абыроймен атқаратын азаматтар.

ӘЗИЗ НҰРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖҚАЖ ВЗВОД КОМАНДИРІ

Алдында бізде 90 адам болған қаңтар оқиғасынан кейін біздің кісілер қосылды. Қазір 197 адам. Әлі осы қызметке адам қабылдау бойынша жұмыстар өткізіліп жатыр. Қазіргі уақытқа бізге 17 қызметкер керек. Жұмыстар өткізіп жатыр.

Жылдам қимылдайтын арнайы жасаққа негізгі талаптардың бірі физикалық дайындық, дейді взвод командирі. Жалақылары 350 мың теңгеден асады. Пәтер жалдап тұратындарға бір адам басына 46 мың теңгеден төленеді.

ӘЗИЗ НҰРҒАЛИЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПД ЖҚАЖ ВЗВОД КОМАНДИРІ

Жасы 35 жастан аспау керек. Бойы 170-175 см болу керек. Білім бойынша жоғары, орта арнайы. Заң мамандығы бойынша.

Қызметке тайсалмайтын бұрымдылар да келеді. Қазір мында 4 қыз бала ер азаматтармен қатар жұмыс істеп жүр.

Самал Қалиқызы