Қасиетті рамазан айы табалдырықты аттауға жақын. Наурыз айының бірі күні еліміздегі барша мұсылман қауым ораза ұстауды бастайды. Бұл айда қандай қайырымдылық шаралар атқарған жөн? Алдағы сюжеттен көрейік.

Орталық Азия елдірінің мүфтияттары бірлесе отырып, рамазан айының алғашқы күні 1 наурыз деп, ал пітір садақа мөлшерін 655 теңге болып бекітті. Ол Рамазан айының ішінде немесе соңғы күні айт намазына дейін беріледі. Ал Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-іне қараған түні. Ал Ораза Айт мерекесі 30 наурыз болады.

ЖОЛДАС ҚАЖЫ ҚОСПАҚҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Бұл жылы Рамазан айы 29 күн ұсталынатын болады. Яғни, ең алғашқы күні 1 наурыз, соңғы күні 29 наурыз. Рамазанның басталатын ең негізгі нышаны бұл Рамазан айынан 1 күн бұрын Пайғамбар сүннетіне сәйкес тарауих намазын оқуды бастаймыз. Ол Павлодар облысы мешіттері , яғни республика бойынша 28 ақпан күні құптан намазынан кейін оқыла бастайды, ол 20 ракаттан тұрады

Бұл айда қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Мұқтаж отбасыларға әр түрлі материалдық көмек түрлері беріледі. Осыған орай дін өкілдері кәсіпкерлерді қайырымдылық шараларына ат салысуға, бағаны өсірмеуге, мүмкіндік болса арзандатуға, ішімдік сатудан бас тартуға шақырады.

ЖОЛДАС ҚАЖЫ ҚОСПАҚҰЛЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ

Енді біз кәсіпкерлерге үндейміз.Қайрымдылық шараларына атсалысса, азық-тұлік тарату болсын, мұұтаждарға көмек жасау, сонымен бірге ас беру, жаназа, қырқы, жылы деген астарды ауызашардың уақытында өткізсе, сосын үшіншіден арақ-шарап сатылмаса, одан таза болсақ, өйткені арақ деген жамандыққа алып барады

Айта кетейік, Мәшһүр Жүсіп мешіті тарауық намазынан кейін жасы үлкен жандарды тегін көлікпен жеткізеді. Ол Екінші Павлодар, Химгородок, Дачный шағынаудандары бағытында қатынайды.

Қымбат Садық