Павлодар облысында қызыл кітапқа кіретін жануарлар саны артыпты. Бұны Шлдайдың орманшылары анықтаған. Резерват қызметкерлері барлық жануарларды қалай санаған екен? Тілшіміз айтсын.

Қысқы есеп кезінде орманшылар орман сусары көбейгенін анықтады. Біз үшін үлкен қуаныш, өйткені бұл жануарлар сирек кездеседі. Сонымен қатар, сілеусін, Сібір бұғысы және бұлан популяциясы өсіпті. Оларды орманшылар ізімен санады.

ҚАНАТ ЕГЕМБЕРДИЕВ, «ЕРТІС ОРМАНЫ» РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ.

Оң динамиканың себептері резерват қызметкерлері браконьерлік пен ауру жағдайларына жол бермейді. Соңғы 20 жыл ішінде жануарлар ауырмаған, ал соңғы 10 жыл заңсыз аңшылардың қолынан зардап шеккендер жоқ екен..

Самал Қалиқызы