Аққулы ауданында су жаңа әмбебап құтқару бөлімшесі ашылды. Нысанның ашылу салтанатына ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов, сондай-ақ, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысты.

Павлодардан 100 шақырым жерде орналасқан жаңа кешен ел бойынша үшінші нысан болып табылады. Кешеннің өзіндік бірегейлігі бар. Айталық, бірнеше шұғыл қызметтердің бірге, дізе қосып қызмет атқаруында мүмкіндік береді. Яғни бір аумақта өрт сөндіру бөлімі, ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының трассалық медициналық-құтқару пункті бар. Жақын арада облыстық ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жұмыс істей бастайды.

Осындай формат төтенше жағдайларға ден қою уақытын барынша қысқартуға мүмкіндік береді. Төтенше жағдайдың сипатына қарамастан, яғни өрт, жол-көлік апаты немесе шұғыл медициналық көмек болсын мамандар үйлесімді, жедел және тиімді әрекет етеді. Объектіні жаңарту бюджет қаражатынсыз жүзеге асырылды»-деді министр.

Орталықтың Аққулы ауданында орналасуы оның стратегиялық маңыздылығын ескере отырып таңдалады. Ол Павлодар облысының аумағын ғана емес, «Семей-Орманын» қоса алғанда, резерваттар мен жетуі қиын учаскелерге дейінгі тыс жерлерде де көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Өрт сөндірушілерді, құтқарушылар мен дәрігерлерді бір базада біріктіру-бұл жай ғана ыңғайлылық емес. Бұл төтенше жағдайда зардап шеккендерге алғашқы бірнеше минутта жедел көмек көрсетудің нақты мүмкіндігі. Біз мұндай кешендердің автожолдардың стратегиялық маңызды учаскелерінде болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз, – деді министр Шыңғыс Әрінов.

Жанасыл Серікбол