Биыл қанша шақырым жол жөнделеді? Әуежай жолағын жаңарту қашан басталады? Ал алда келе жатқан Ұлық мейрам, наурыз мерекесі өңірде қалай тойланады? Бұл жөнінде бүгін облыс әкімдігінде өткен аппаратты жиын барысында айтылды. Толығырақ Әйгерім Тоқпанқызының әңгімесінде.

Өңір басшысының қатысумен өткен жиын әуелі аймақ жолдарының жай күйінен басталды. Биыл тас жолдарды жөндеу үшін қазынадан қомақты қаражат бөлініпті. Өңір бойынша 77, аудандарда 42 , ал, ауылдарға апаратын 102 шақырым жол жаңарады.

ҚАНАТ ҚАШКИРОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Ағымдағы жылы бюджеттің әртүрлі деңгейін 25 млрд 400 млн теңге сомасына ұзындығы 409 шақырым жергілкті маңызы бар автомобиль жолдары, елдімекен жөндеу бойынша 106 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның 139-ы шақырым қиыршық тас төсем асфальтті бетонға ауысытырады.

Сондай-ақ бұл жаңаруға аудан орталығынан шалғай ауылдарға апаратын жолдар да ілікті. Биыл «Аққулы-Қазы-Майқарағай» және «Железин-Веселая Роща-Мыңкөл» автомобиль жолдары толығымен жөнделіп, аяқталады. Бұған қоса, Амангелді ауылына кірме жолын қайта жаңарту бойынша үш жылдық жоба аяқталады. Ал республикалық жолдардың 196 шақырым жөнделеді.

ЕРМҰРАТ НҰРХАНОВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰҚ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Одан басқа жөндеу жұмыстары 196 шақырым жолдар, 8 жоба іске асырылумен қамтылады. Оның ішінде 2 күрделі жөндеу обьектісі. Және 6 орташа жөндеу обьектісі. Жыл соңына дейін 87 шақырым жолды пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жалпы, Атамекен-Ертіс, Русская поляна және Павлодар омск Майқапшағай жолдардың ағымдағы жағдайы нашарлап барады. Жөндеу жасап, шұңқырларды жабу жоспарлап отырмыз.

Өңір басшысы Екібастұздан Баянауылға апаратарын жолдың жайын да сұрады. Бұл жолдың құны – 2 миллиард 500 миллион теңге. 23 шақырымын қалпына келтіру керек. Бюджеттік өтінім берілген екен. Бірақ кеш берілгендіктен, қабылданбапты. Асайын Байханов бұл мәселені қайта қарастыру қажет екенін тілге тиек етті. Ал 1 сәуірден бастап Павлодар әуежайы жол төсеу жұмыстары үшін жабылады. Ұшу және қону жолағын жаңарту былтыр басталған еді. Бұған 4 млрде теңге бөлініп, толығымен жұмсалыпты. Биыл 1 млрд 600 млн теңге бөлінді. Қазір, құм, қиыршық тас, арнайы материал жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Әуежай 1 қарашаға дейін жабылады. Бұдан соң жиналыс екінші мәселе, Наурыз мейрамын тойлау сұрағы бойынша жалғасты. Бұл жөнінде өңірдің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының басшысы баян етті.

ӘЛНҰР СЕЙДУМАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Наурызнаманың әр күні жекелеген күндеріне арналған. Бұл мерекені мағынасы мен мәнін тереңдетуге мүмкіндік береді. Барлық салаларды қамтиды. Ел шеңберінде Наурыз бірыңғай логотипі бекітіліп, қолданылады.

Әр күн тәрбиелік мәні зор, ауқымды шараларға негізделген. Облыс әкімі мәдениет, спорт және білім басқармасы басшылары жаттанды шаралармен шектелмей, бұқараны көбірек қатыстырып, мағыналы өткізуді тапсырды.

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

15 сінші дейін қалалар мен аудандардың орталық алаңдар мен басты көшелерін сондай-ақ мерекелік безендіруді ұйымдастырын мәдени іс шараларды өткізсін.

Айта кетейік, өңірде 2000-ға жуық шара өткізіледі. 21 наурызда елді мекендер мен ауылдарда, 22-сі күні аудан орталықтары мен қалаларда тойланады. Павлодар қаласында 21 жерде 31 киіз үй тігіледі.

Әйгерім Тоқпанқызы