Әлемде жайылып жатқан кейбір вирустарды құстар, егеуқұйрықтар, иттер таратып жатыр. Қауіпсіздік шараларын бұл бағытта нығайтқан абзал. Алдын алу бізде бір жолға қойылмаған көрінеді. Бұл туралы қоғамдық кеңес отырысында көтерілді.

Қаңғыбас иттер, иесіз жүрген үй жануарлары, киіктердің жаппай өлімі - қоғамдық кеңестің қозғаған тақырыбы болды. Бұл сұрақтар қазір өте өзекті. Әсіресе, соңғы кезде қаңғыбас, иесіз қалған иттердің жағдайы жоғары мінберлерге дейін жетті. Ең маңыздысы, қоршаған ортаның жағдайы тікелей адам баласына, оның денсаулығына әсер етеді.

Бәкір Демеуов, Павлодар облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы

Әрине далада қаңғырып жүрген малмен, иттермен, киіктер көбейіп кетті. Күрделі мәселе болып тұр. Адамның денсаулығы соған байланысты. Тек қана қаржы емес, нормативті құжаттарды реттеу керек. Сұрақтың шеші жолын таба аламыз.

Адам – қоршаған ортаның бір бөлігі болғандықтан. Кейбір проблемаларды адам өзі туындатады, кейін өзі шеше де алу керек.

Бәкір Демеуов, Павлодар облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы

Біз адамның өзіне байланысты, өзі шешу керек. Өлген малдардың қорымдары жоқ. Жағдай өте қиын. Сонда ғана дұрыс болады.

Бұл сұрақтар қоғамдық кеңес отырысында тек қана айтылып, сол жерде қалмау керек. Қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешкен дұрыс. Осы ретте ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдау да ұсынылды.

Болат Аманбаев, Павлодар облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі

По пастерелезу 4 жасқа дейін вакцина егу керек. Май ауданында факт шықты, бірақ бұл кісілерді тіркелмеген. Біз мына жерде сондықтан хат жазайық, ауыл шаруашылығы министрлігіне. Искажать информацию не стоит.

Сонымен, қоғамдық кеңес мүшелері сұрақты шешу жолында ашықтық керек екен екенін айтты.

Самал Қалиқызы