Павлодар облысында 2026 жылы жалпы егіс алқабы 1 млн 703,2 мың гектарды құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 43,2 мың гектарға немесе 2,6%-ға артық. Егіс көлемінің ұлғаюы дәнді және майлы дақылдар алқаптарының кеңеюі есебінен қамтамасыз етіледі.

Ауыл шаруашылығын әртараптандыру және өнімділігі жоғары дақылдарға көшу аясында өңірде бидай егістігі алқабы 9,1 мың гектарға қысқартылып, орнына майлы дақылдардың көлемі ұлғайтылуда. Оның да өз лгикасы бар. Бәрі де нарықтағы сұранысқа байланысты. Осылайша, биыл дәнді дақылдар алқабының көлемі 849,1 мың гектар, майлы дақылдар 549,7 мың гектар, мал азығының дақылдары болса 264,4 мың гектар, картоп 30,7 мың гектар, ал, көкөніс пен бақша дақылдары 9,3 мың гектар болды.

Спикердің айтуынша, тұқым толық, жанармай жеткілікті. Тенхникаларда сайлаулы. Дала жұмыстарына 3 403 трактор, 1 835 соқа, 1 076 культиватор, 4 671 тырма, 3 812 сепкіш және 266 заманауи егіс кешені жұмылдырылған. Шаруаларға қаржылық қолдау шаралары да деткілікті.

Қазіргі уақытта жиыны 23,6 млрд теңгені құрайтын 275 несие берілген.