Ел аумағы бойынша «Мигрант» алдын алу шарасы өтті. Оның барысында 1240 шетел азаматы Қазақстаннан шығарылды. Сондай-ақ жүріп тұру заңнамасын бұзған 10 мың адам анықталды. Экранға зер салайық.
Елімізде 2,5 мың мигрант заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Күнкөріс қамымен келген олар Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінің азаматтары. Келімсектер шекара асып, еліміздің тәртібін елемей жұмыс істеген. Одан бөлек Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскар азаматтары да анықталды. Сондай-ақ, іздеуде жүрген 20 шетелдік ұсталды.
АСЛАН АТАЛЫҚОВ, ІІМ КӨШІ-ҚОН КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Елімізде «Мигрант» жедел профилкаткасы өткізілді. Оның барысында көші қон заңнамасы бұзудың 10 мыңға жуық фактісі анықталды. 4,5 шетелдің азамат елімізде болу мерзімін бұзу және 2,5 мыңы заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Оның ішінде 60 такси жүргізушісі бар. Аатап кетсек бұдан бұрын жүргізілген 700 ге жуық заңсыз такси анықталған болатын. 1200 шетелдік елден шығарылып, оларға 5 жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды.
Ал, арзанқол еңбек күшін Қазақстанға заңсыз алдырып, жұмысқа тартқан 500 қазақстандық 33 млн теңге әкімшілік айыппұл төлейтін болды. Сондай-ақ, Шетелдіктерге жалған құжаттар рәсімдеген Қазақстан азаматтарына қатысты 12 қылмыстық іс қозғалды.
Әйгерім Тоқпанқызы