Павлодар, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар қызметкерлерінің қатысуымен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы өтті. Қауіпті аймақтар бақылауға алынып, алдын алу жұмыстары пысықталды.
Мамандар Сілеті су қоймасына барып, су деңгейін тексерді. Су басу қаупі жоғары аумақтарды анықтап, өзен арнасын кеңейту үшін жарылыс жұмыстарын жүргізу мәселесін қарастырды. Сілеті өзенінің екі учаскесінде жарылыс жұмыстары жоспарланған. Жалпы аумағы 1154 шаршы метр болатын учаскеде өзен арнасы кеңейтіледі. Бұл Шолақсор ауылын су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Кездесу соңында үш облыстың төтенше жағдайлар қызметі Ақтоғай ауданында кеңес өткізді. Онда инженерлік және құтқару қызметтерінің дайындығы, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары талқыланды.
Сабина Жолдаспаева