Мұхтар Мағауин – қазақ халқының ұлы перзенті. Халық жазушысы әрі ұлттың рухани тарихын кең ауқымда зерттеген сөз шебері. Облыс орталығында ғұламаның «Қара қыз» атты шығармасына арналған баяндамалық жиын өтті. Оған өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, ақындар қатысты.
Дөңгелек үстелде әдебиетшінің Қара қыз туындысының мазмұның, көркемдік ерекшеліктері мен автордың идеясы талқыланды. Жиынға Мұхтар Мұқанұлын жеке таныған адамдар қатысты.
Шара Қазақстан жазушылар одағы Павлодардағы филиалының ұйымдастыруымен өтті. Ал қатысушылар естеліктермен қатар құнды жәдігерлерін де көпшілікке ұсынды.
Дегенмен, Мағауиннің тағылымды шығармалары ұрпақтан ұрпаққа жетіп, әдебиет әлеміндегі жұлдызы ешқашан сөнбейді.
Байтұрсын Жұмабай