Павлодар қаласында Әскери даңқ музейі- құнды жәдігерлердің ордасы. Мұнда келушілерге қаһарман батырлардың ұрыс даласында көрсеткен ерліктері баяндалған. Келесі сюжеттен көрейік.

Әскери даңқ музейінде алты экспозиция ұсынылған. Олардың әрқайсысы белгілі бір тарихи кезеңге арналады. Музейде соғыс жылдарындағы жәдігерлер, сарбаздардың жеке заттары мен тарихи құжаттар қойылған.

МИРАС САҒЫНДЫҚ, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Жаңартылған бұл қимақ қағанаты. 6-7 ғасырлардағы қимақ қағанатының құрылуы жалпы. Сол кездегі қару жарақтар, балталар, семсерлер секілді пышақтар. Осы жерде көзге түсетін бұл қимақ жауынгерінің толық киген сауыты. 18 кг сауыт. Батырдың үстіне киілген. Одан кейінгі бекініске қатысқан батырларымыз жайлы айтуға болады. Бекіністе неміс шабуылында қаза тапқан батырлар. Сол кісі жайында экспозиция ашылды. Және Павлодар облысының тумасы батырының жеке заттары көрсетілген.

Музейдің маңызды бөліктерінің бірі – Кеңес Одағының батырларына арналған экспозиция. Мұнда Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды ержүрек жауынгерлердің суреттері қойылған. Сондай-ақ, Сталинград шайқасына арналған экспозиция жаңартылып, кішірейтілген форматта қайта жасақталған.

МИРАС САҒЫНДЫҚ, Г.Н.ПОТАНИН АТЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ЭКСКУРСИЯ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Бұрын бұл экспозиция ұзартылған болса, қазіргі таңда ол қысқартылды. Бірақ ішіндегісінің барлығы сол қалпында қалды. Яғни сталинград шайқасындағы нағыз ұрыс болған кезіндегі суреттер көрсетілген. Келесі майданға көмек, бұл эвакогоспиталь салынған. Ол Шарбақты жерінде және Павлодар қаласында салынған. Майданға көмек кезіндегі жайғдайды айтуға болады.

Айта кетейік, Әскери даңқ музейінде соғыс жылдарындағы сарбаздардың хаттары, қару-жарақтар, әскери формалар және жауынгерлердің күнделікті қолданған заттары бар. Бұл тарихи орынды аралау арқылы келушілер батырларымыздың ерлігімен тереңірек таныса алады.

Сабина Жолдаспаева