Ертіс ауданының №4 орта мектебінде «Жол картасы жобасы» аясында «Барлығына қолжетімді білім» тақырыбында облыстық семинар өтті. Шараға ауданның мектеп басшылары мен оқу ісінің меңгерушілері қатысты. Толығырақ келесі сюжетте.
Шарада ашық сабақтар және "Оқытудағы аралас аймақ моделі", "Сандық платформалар арқылы білім беру процесіне геймификацияны енгізу", "Мектепке дейінгі және бастауыш буын арасындағы сабақтастық", "Lesson Study: мұғалімдердің бірлескен жұмысы арқылы оқыту сапасын арттыру" тақырыптарында шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Одан бөлек, семинар аясында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша “Не? Қайда? Қашан?” ойыны, «Құлагер» клубының жұмысы «Қамшы өру өнерді сезіну», «Мектеп телестудиясы – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыратын құрал және оның тұлғалық қасиеттерін жүзеге асыру жолы» мектеп телестудиясында оқушылардың шығармашылығын дамытатын түрлі материалдардан қуыршақтарды жасап, ойын әрекетінде қолдану әдістерін және «Мультфильмдердегі декорация» балалардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін мультфильмдегі декорация жасау әдіс тәсілдері көрсетілді.
Самал Қалиқызы