Күн жылып, көктем келгенмен бұл уақытта еріген су кесірінен біраз жұрт әбігерге түсері анық. Осы ретте Павлодарлық коммуналшылар күн демей, түн демей жұмыс істеп отыр. Осы күндері 2 мың текше метр су сорылған.
Көктем келіп, коммуналшылардың жұмысы көбейді. Еріген қар жылғалардан ағып, кейбір көшелерде су сору жұмыстары қажет болып тұр. Осы ретте қалалық әкімдік су тасқынын алдын алу мақсатында қазір су шығару жұмыстарының қарқынын күшейтті.
АЙНҰР СӘДУАҚАСОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Работа организованно в круглосуточном режиме... Жұмыс күні-түні атқарылып жатыр. Осы күндері тұрғын үй коммуналдық бөлімімен 15-тен астам өтініш қабылданып, жұмыс жүргізілді. Бұл Бекқожин 1, Ворушин-Теплов, Щедрин-Целинный, 2 Павлодар, Қамзин 64, Марғұлан 366, Щедрин-Алтай көшелері, Осипенко-Чайковский, Қамзин 106, Торайғыров 28, 31 мекенжайларында су соры жұмыстары жүргізілді. 2 мың текше метр су сорылды. 16 арнайы көлік жұмыс жасап жүр.
Қала бойынша су сору жұмыстарына өтініштер 109 бірыңғай орталығына да келіп түседі. Соңғы бірнеше күн ішінде 105-ден астам хабарлама келіп түскен.
АБЗАЛ ҚАБДРАШ, 109 БІРЫҢҒАЙ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Келіп түісп жатқан өтініштер мен хабарламалар барлық аймақ бойынша. Бұл өтініштер шұғыл түрде жолданады. Оперативті түрде орындалады. Бүгінгі күнге дейін 160 тан астам шағын түсті.көбі осы облыс орталығына тиесілі.
Бұл бағыттағы жұмыстар бойынша тұрғындардан өтініштер 109 колл орталығы мен қалалық әкімдіктің инстаграм желісіндегі ресми парақшасында қабылданады.
Самал Қалиқызы