Өткен түнде Шідерті-Ерейментау-Астана күре жолын су басты. Еріген қар суы 100 метр аумаққа дейін жайылып, көлік қозғалысына кедергі келген.
ӘУЕСҚОЙ ТҮСІРІЛІМ
Суды сорғызу жұмыстарына мамандар дереу кірісті. Онға жуық техника жағдайды реттеп, жол қозғалысын қалыпқа келтірді. Қазір жолаушылар үшін еш кедергі жоқ.
НАРИМАН ДАЙЫРОВ, «КАЖСЕРВИС» ЖШС ӨКІЛІ
Он тоғызыншы наурыз күні сағат түнгі үште Астана-Ерейментау-Шідерті бағытының 218-шақырымын су басты. 10 техника, 30 жол қызметкері жұмыс істеп жағдайды қалыпқа келтірді. Қазір онда уақытша жол белгісі орнатылды. Қозғалысқа шектеу қойылған жоқ. Жол ашық.