Күн жылынып, көктем келді. Қар еріді. Дәл осы мезет өзіндік әуреге салуда. Бұдан бұрын өңірде 56 елдімекенге қарғын судан қауіп бар деп жарияланған болатын. Шұғыл қолға алынған шаралардың арқасында олардың саны 20- ға қысқарды. Қазір 36 ауыл бақылауда.

  Ерекше бақылауда Баянауыл мен Ақтоғай аудандары. Қарағанды облысынан елдімекендерге Ащысу, Айдос, Бала-Шідерті, Қарасу өзендері айтарлықтай қауіп төндіреді. Шекарас ауылдардың айналасына қоршаулар орнатылды. Тасқын суды жинақтау үшін лиманды суармалы алқаптарға бағытталады.

СЕРІК БАТЫРҒОЖИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Ең бірінші кіретін ол Сатпаев ауылы бөгет жасалған. Сеткамен істелінген. Ол жерде қауіп жоқ. Ол су айналып отырып, Теңдікпен мұса шорманның ауылдың ортасымен өтеді. Бұл жерде ол жерде республикалық мост тұр. Баянауыл ауданында лиманды ісмке қосқан кезде бөгеттерді ашып жібердік. Соны қарастырып отырмыз.

Былтыр су тасқынынан Жалаулы ауылы зардап шекті. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Батырғожинов, биыл қарғын судан қауіп жоқ деп айтты. Ауыл маңында еріген су жинауға арналған сыйымдылығы 200 мың текше метр болатын 3 жаңа қазаншұңқыр қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Ал Сілеті өзені Ақтоғайдың Шолақсор ауылына жақын орналасқан. Қазір онда бөгет тұрғызылып, ағын су арнасы басқа жаққа бұрылды.

СЕРІК БАТЫРҒОЖИНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Өзеннің Жалаулы ауылында басты бір мәселе ол жерде су келе жатқан жерде ауылға он шақырым жетпей бұрылысы бар. Жылда сол жерде бөгет болатын. Биыл бұл жерге мост әзірлеп жатырмыз.

Ал қалған елдімекенді тасқыннан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс бойынша 700-ге жуық арнайы техника әзірленді. Департамент тарапына тағы да қосымша күштер әзірленген.

Әйгерім Тоқпанқызы