Наурыз – қазақтың ұлттық құндылықтары дәріптелетін мереке. Осыған орай, Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы облыстық кітапханада алғаш рет тоғызқұмалақтан қалалық чемпионат өтті. Шара Наурызнама онкүндігі аясында «Ұлттық спорт» күніне арналды.

Тоғызқұмалақ –ұлттық ойын. Ол ойыншыдан терең ойлануды, есептеуді және жылдам шешім қабылдауды талап етеді. Айта кетейік, облыстық кітапхана тоғызқұмалақ үйірмесін жүргізіп келеді. Бұл ойынға қызығатын жастар кітапханадан арнайы сабақ алып, өз дағдыларын дамытып жүр.

ЖАЗГҮЛ ҚАЖЫБАЕВА, С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ОҚЫРМАНДАРҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Бұл тоғызқұмалақ енді қазақтың ұлттық ойындарының бірі. Бұл тоғызқұмалақты алып тұрғанымыз, енді біздің оқырмандарымызды ұлттық спорт өнеріне баулу және адамның ақыл ойын дамытуға, білімін жетілдіруге, әсіресе математика санға байланысты сол тараптан оқырмандарға көмек ретінде бұл шараны ұйымдастырып отырмыз.

Чемпионатқа 16 жастан 25 жасқа дейінгі 40-қа жуық ойыншы қатысты. Олардың қатарында әлем чемпиондары мен спорт шеберлері де болды. Кітапхана қабырғасында алғаш рет өткен бұл жарыс тартысты өтті. Қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, әр партияда әдіс-тәсілдерін қолданды.

РИНАТ КЕРЕЙБАЕВ, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ, ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Осындай жарыстар балалар үшін үлкен мотивация болады. Осындай жарыстар арқылы өз күштерін сынап, алдағы үлкен жарыстарға дайындық ретінде қолдана алады. Жарысқа жас балалар, мықты спортшылар қатысуға келді. Жарыс қиын болады. Бар күшімізді саламыз.

ТАМЕРЛАН САПАР, ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН СПОРТ ШЕБЕРІ, ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Тоғызқұмалақты 2016 жылдан бастап ойнап келемін. Менің ең алғашқы тренерім өзімнің анам. Мен тоғызқұмалақты Ақсу қаласының спорт мектебінде ойнап бастадым. Осы 8 жылдың ішінде Қазақстан чемпионатын 3 рет ұттым. Ең басында осындай кішігірім қалалық турнирлардан бастадым.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

Сабина Жолдаспаева