Бурабай төрінде төртінші рет бас қосқан Ұлттық құрылтайда ел болашағына қатысты барлық сала бойынша бастамалар айтылды. Ұлттық бірегейліктен кәсіпкерліккке дейінгі мәселелер сөз болып, ұсыныстар айтылды. Жиынға Павлодар обылсынан қатыстып қайтқан, облыстық мәслихат дептутаты, кәсіпкер Серік Сәдуақасов ілкімді ойлардың көп болғандығын айтады.
Құрылтай елдің экономикасы мен мәдени болашағының бағдарын айқындайтын жиынға айналды. Биыл төртінші рет өтіп, алқалы төрде бірқатар бастамалар айтылды. Әсіресе кәсіпкерлік, салық мәселесінде айтылған ойлар аз емес.
СЕРІК СӘДУАҚАСОВ, ҰЛТТЫҚ ҚҰРЫЛТАЙ МҮШЕСІ
Кәсіпкер ретінде өзім коммуналдық салада еңбек етіп жатқан кәсіпкерлерді қосымша құн салығынан босту мәселесін айттым. Бұл жылу жүйесінде, электр жүйесінде, су жеткізу саласында қызмет етіп жатқан компанияларға қатысты.