Павлодар қаласында наурыздың 24-сі мен 31—күндері аралығында шахмат пен дойбыдан іс- қимыл аппараты мен көру, есту қабілеті бұзылған спортшылар арасында ел чемпионаты өтуде. Жарысқа 13 аймақтан 80-нен астам спортшы қатысып отыр. Толығырақ әріптесім баяндасын.

Шахмат пен дойбы зияткерлік спорт түрі. Бұл ойын кез келген жастағы адамға пайдалы. Себебі стратегиялық жоспарлауды және тактикалық есептеуді үйретеді.

Чемпионат қаламызда екінші мәрте ұйымдастырылды. Жарыста 13 аймақтан 83 спортшы бақ сынады.

Айта кетейік, чемпионат нәтижелері бойынша үздік өнер көрсеткен спортшылар ұлттық құраманың қатарына қосылады. Сондай-ақ, шахматтан маусым айында ұлттық құрама атынан Сербияда өтетін дүниежүзілік олимпиадаға қатысады. Ал шілдеде Үндістанда әлем чемпионатында бақ сынайды.

Дильназ Куанышбекова