Павлодар сервис және тамақтану колледжінде мектеп жасына дейінгі балалар арасында кезекті рет «BabySkills Pavlodar-2025» өңірлік байқауы өтті. Кондитерлік сайыста бүлдіршіндер тәтті тағамдар жасап, әділқазы алқасы мүшелеріне ұсынды. Айта кетейік шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды. Балақайлардың өнерін тамашалап қайтқан әріптесім Дильназ Қуанышбекованың әңгімесінде.

Байқауға №122 мектепке дейінгі гимназиясының 5 тәрбиеленуші қатысты. Олар жаңа білім мен алғашқы аспаздық жетістіктерге қол жеткізу үшін осында келді. Балақайлар өздерін кондитер рөлінде сынады. Бұл дода олардың болашақта аспаздық өнердегі мансаптың алғашқы қадамы болуы да мүмкін.

Жас аспазшылар колледж студенттерінің көмегімен эскимо пішінді кейк попс әзірледі. Түрлі қоспаларды араластырып, сәнін келтіріп, безендірді.

Сондай-ақ, жас кондитерлерге естелік ретінде сыйлықтар мен мадақтау қағаздары табыс етілді. Бұл олардың ынтамен жасаған еңбектерінің лайықты марапаты болды.

Дильназ Куанышбекова