Елімізде көлік салығын төлеу мерзімі 1 сәуірде аяқталады. Егер берешегіңізді өтемесеңіз, әрбір кешіктірілген күн үшін өсімпұл қосылады. Қазір азаматтардың банктік мобильді қосымшаларына хабарламалар жіберіліп жатыр. Сол жерден салықтың мөлшерін біліп және оны төлеуге болады.
Салық сомасы темір тұлпар түріне, шыққан жылына және қозғалтқыш қуатына қарай әр түрлі есептеледі. Сала мамандарының сөзінше, ардагерлерге, көпбалалы аналар мен мүгедекті бар адамдарға көлік салығын төлеуде жеңілдік қарастырылған.
МИРГҮЛ МАЖИМОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Мысалы егер осындай тұлғалардың екі автокөлігі болатын болса, оның бірінің қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см, ал екінші автокөлігінде 1600 текше см болатын болса онда ол 1600 см болатын автокөліктің көлік салығын соммасын төлеуден босатылады. Онда облысымызда 15 мың азамат бар, олардың төлемейтін салық соммасы бір автокөліктері үшін 200 млн теңгеден асады.
Павлодар облысында 142 мыңнан астам автокөлік иелері бар, олардың меншігінде 200 мыңнан жоғары көлік бар. Олар үшін төленетін салық соммасы 3 млрд 470 млн.теңге деп есептеліп отыр. Қазір көпшілік жіберілген хабарламалар арқылы берешегін біртіндеп өтеп жатыр.
МИРГҮЛ МАЖИМОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Мемлекеттік кірістер комитетінің порталында көлік салығын есептеу калькуляторы бар. Сол жерде мәліметтерді қоя отырып,есептеп шығаруға болады. Немесе телеграмм каналда салық чат боты бар, соынмен қатар «е-salyq» мобильді қосымшасында калькулятор қызметі бар. Және 1414 байланыс орталығына хабарласу арқылы, оны білуге болады.
Қазір өңірде 1 млрд 831 млн.теңгеге көлік салығы төленген екен. Егер, салықты уақытылы төлемеген тұлғаларға 2 сәуірден бастап берешегі туралы хабарламалар келіп, әрбір күн үшін өсімпұл есептеледі. Сондай-ақ, жеке сот орындаушылар атқарушылық іс жүргізуді қозғайды.
МИРГҮЛ МАЖИМОВА, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Жеке сот орындаушылар өздерінің құзыреті шегінде, яғни жалақыдан ұстап қалу немесе ҚР шекарасынан шет елге шыға алмау, сондай құзырет шегінде өздерінің жұмыстарын атқарады. Және де атап өтетіні жеке сот орындаушылары салықтың сомасын өндіріп алады, және өздерінің жұмыстары үшін 25 пайызға дейін үстемақыны жеке тұлға төлеуге қажет болады.
Айта кетейік, 1 сәуірге дейін былтырғы көлік салығын төлеу қажет. Тәртіп солай, есептеу бір жылға кеш жүреді.
Қымбат Садық