Елін сүйетін, жерін қорғауға дайын, өз мемлекетінің болашағы үшін күресуге саналы түрде дайын адамды патриот дейміз. Қазіргідей жаһандану дәуірінде бұл өте маңызды. Бүгін қоғамдық кеңес аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әскери-патриоттық тәрбиенің қалай беріліп жатқаны талқыланды.

Қоғамдық кеңес төрінде ақпарат және қоғамдық даму мен білім беру, сондай-ақ, мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармаларының басшылары баяндама жасады. Жастарға патриоттық негізде қандай тәрбие беріліп жатқандығы айтылды. Бұл бағытта жұмыстар 2030 жылға дейінгі тұжырымдама шеңберінде атқарылуда.

ӘЛНҰР СЕЙДУМАНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Біріншіден, 2024-жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде басқарма тарапынан 11 млн теңге бөлінген 2 лот іске асырылды. Және жастардың бойындағы патриоттық сезінім дамытуға, Қазақстанның тарихын мәдениеті мен дәстүрін құрметтеуге бағытталған 15 тен астам іс-шара өткізілді. 2024-жылдың 11-наурызы мен 3-сәуірінде әскер ардагерлері қызмет еткен сарбаздардың кездесуін және Павлодар облысының әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу рәсімін өткізді.

Патриоттық негізі мәдениетте. Бұл тұрғыда аталмыш салаға жауапты ведмоства да бірқатар шаралар легін қолға алған. Бәрі елдің тарихы, мәдениеті, ұлттық санаСЫ мен болмысты насихаттау, жастардың бойына сіңіру жолында.

МЕДЕТ ТАУАСҚАН, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Жастарға Отанға адал болуына, патриоттық сезім тудыратын Қазақстан туралы кітаптарды, еліміздің мемлекеттік мекемелерін мерейтойлық оқиғаларын насихаттау мақсатында тарихи өлкетану бойынша, танымдық және ақпараттық іс-шаралар, театрлық қойылымдар, дөңгелек үстелдер, көрмелер, байқаулар, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып өтіп келеді.

Ел болашағы жастар деп жиі айтамыз. Осы ретте барлық жастар емес, елін сүйетін, мемлекетін ардақтайтын жастар ғана елдің болашағы деп бөле айтқан жөн.

Жанасыл Серікбол