Павлодарда тұңғыш рет спорттық самбодан жасөспірімдер арасында республикалық чемпионат өтті. Бұл жарыс араға 28 жыл салып алғаш рет өтіп отыр. Турнирге 600-ге жуық спортшы қатысып күш сынасты. Толығырақ келесі сюжетте.
Самбоның негізгі ерекшелігі — оны орындауда техника мен тактика өте маңызды. Қарсыласты лақтыру, жеңу немесе жұлқылау арқылы ұтуға болады. Айта кетейік, бүгінгі жарысқа 2009-2010 жылғы жас спортшылар қатысты. Солардың бірі Меруерт Нарынбаева. Ол Павлодар облысының намысын қорғауда.
Сондай-ақ, осындай ауқымды додаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 580 спортшы 20 команданы келді.
Айта кетейік, самбодан өткен бұл сайыс 3 күн өтеді. Айта кетейік іріктеуден өткен команда спортшылары Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына жолдама алды.
Дильназ Куанышбекова