Өңір дәрігерлері науқасқа бір мезетте екі ота жасады. Ерекше операция облыстық кардиологиялық орталығында жүзеге асты. Ең алдымен мамандар науқастың бір бүйрегін алып тастады. Содан кейін жүректі шунттау отасын орындады. Толығырақ ота жасаған дәрігермен жүздесіп қайтқан әріптесім Әйгерім Тоқпанқызының материалында.
67 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны ақпан айында шұғыл түрде жедел жәрдем арқылы кардиологиялық орталығына түседі. «Жүректің ишемиялық ауруы» диагнозы қойылған науқасқа операция алдында ем қабылдап, анализ тапсыру тағайындалады. Оның барысында сол жақ бүйрегінен қатерлі ісік анықталады. Әрине, бұл араласулардың әрқайсысы аса қауіпті болды. Ақ халаттылар барлық қауіптерді ескере отырып, симуляциялық яғни, бір мезгілде екі операцияны жүргізу туралы шешім қабылданды.
МҰРАТ РАЙХАНОВ, КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ
Онкология орталығының хирургия бөлімінің меңгерушісі келді. Бірінші олар нефрактамия операциясын жасады. Операция сәтті өтті. Бірінші кезең аяқталғаннан кейін біз жүрек қан тамырына ота жасауға кірістік. Операция жасанды қан айналымы жағдайында орындалды. Үш артерияның коронарлық шунттау қолқасы салынды.
Дәрігерлер 7 сағат жасаған ауыр отаны сәтті аяқтады. Бүгінде науқастың жағдайы жақсы. Ауруханадан үйіне шығарылды. Қазір онколог дәрігерлерінің бақылауында. Бұдан кейін орталық мамандары осы аптада Пограничник ауылының 45 жастағы тұрғынына бір мезгілде екі ота жасады.
ТАТЬЯНА СИРОТКИНА, ПОГРАНИЧНИК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Үйде жүргенде күрт кеуде қуысы ауырып, біресе ауа жетпей, тала бастадым. Сол мезетте үйде жалғыз болдым. 103 нөміріне хабарласып, қаладан жедел жәрдем келді. Мен бірден орталыққа әкеліп, дәрігерлер қарады. Алдымен тескеріп, ем шараларын тағайындады. Одан кейін операция жасады. Денсаулық, бірінші байлық. Сондықтан барлықтарына айтарым мамандарға уақытында қаралып отырған жөн.
Бұл пациентке ақ халаттылар ұйқы күре тамырына яғни Эндотерактомия жасады. Операция, әдетте, артериялардың тарылуынан немесе бітелуінен туындайтын қан айналымы бұзылыстарын түзету үшін қолданылады. Себебі бұл миға қан жеткізетін маңызды тамырлар.
МҰРАТ РАЙХАНОВ, КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ
Науқас бізге инфаркт алдындағы жағдайда түсті. Біз асқынуды алдын алып, ем жүргіздік. Оны тексергенде, тек жүректі қоректендіретін артерияларда ғана емес, сонымен қатар миға қан жеткізетін артерияларда да проблема бар екені анықталды. Сондықтан оған да екі операция жасалды. Біз миға қан жеткізетін шөгіндіні алып тастадық, жүректі қоректендіретін қан айналымын қалпына келтіру қажет болды. Бірінші қадамда ота сәтті орындалды. Бұған қан тамырлары хирургтарын шақырдық. Содан кейін аорта-коронарлық шунттау жасадық.
Бұл жағдай да дәрігерлер 7 сағат операция жасады. Қазір науқастың жағдайы тұрақты. Ауруханада ем қабылдап жатыр. Мамандар дерттің асқынуын дер кезінде скринингтан өтіп, тексеріс жасамағандықтан дейді. Сондықтан салғырттық танытпай уақытында тексеріліп тұрған жөн.
Әйгерім Тоқпанқызы