Мопед айдайтын жүргізушілер көлік құралын құжаттандыру қажет. 5 сәуірге дейін құжат алмаған жағдайда арнайы заң қарастырылған. Қазіргі таңда Павлодар облысында 442 мопед тіркелді.
5 сәуірден бастап ел заңнамасына мопедтерді тіркеу және «А1» кіші санатындағы жүргізуші куәлігін алу талаптарына қатысты маңызды өзгерістер енгізіледі. Жаңа түзетулерге сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдары ретінде танылып, оларды міндетті түрде тіркеу және пайдалану үшін белгілі бір талаптарды сақтау қажет болады. Сондықтан мопед иелері жаңа ережелер күшіне енгенге дейін көлігін тіркеп, қажетті жүргізуші куәлігін алып үлгеруге тиіс.
ӘУЕСҚОЙ ТҮСІРІЛІМ
БОРИС ӘЛІМБАЕВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ
5 сәуірден бастап мопед айдайтын жүргізушілер тіркеуден өтпесе басқаруға тыйым салынады. Егер жүргізушінің А немесе В санатындағы куәлігі болса, ол мопедті басқара алады, Қазір Павлодар облысында 442 мопед көлік құралы тіркеліп есепке алынды. Мопедті тіркеу үшін азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Жеке басын куәландыратын құжат, электронды түрде де болады және мопедтің техникалық құжатын немесе техникалық сипаттамалары туралы мәліметті ұсыну қажет. Содан соң өтініш толтырып, мопедті тексеріп, сондай-ақ тіркеу туралы куәлік пен мемлекеттік нөмір үшін мемлекеттік баждарды төлеу керек. Айта кетейік, алыстағы ауыл тұрғындарының мопеді болса аудандардағы полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп бере алады.
Айта кету керек, 5 сәуірден кейін тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынады. Неге мұндай заң қабылданды? Себебі мопед тебетіндер жол қозғалысының толыққанды мүшесіне айналды. Тиісінше, жол апаттарына себепкер болып жатыр.Тіркелмеген мопедтерді пайдаланумен байланысты құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауапкершілік көзделген.
Қымбат Садық