Өңірімізде құқық қорғау органдары бірнеше әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. Оның ішінде ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда ішімдік ішу, құжатсыз немесе тіркеусіз жүру сияқты заңбұзушылықтар бар.

Жолдағы тәртіпті сақтау мақсатында жүргізілген шара барысында 115 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал көлікті мас күйінде жүргізген 6 жүргізуші ұсталды. Екібастұз қаласында Мәшһүр Жүсіп пен Бұқар жырау көшелерінің қиылысында жHyundai Accent көлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде жүргізушінің бұған дейін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды. Бірақ ол заңды елемей, қайтадан рульге отырған. Ал Павлодарда Минин көшесінде Mazda көлігінің жүргізушісі тексерілді. Құжаттарын қарау барысында оның жүргізушісінен алкогольдің иісі шығып тұрды. Медициналық тексеру жүргізушінің мас болғанын көрсетті. Жүргізушілерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, көліктері айып тұрағына қойылды. Сондай-ақ, полиция іздеуде жүрген 6 адамды ұстады. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 19 адам қамалды. Құқық қорғау органдары осындай рейдтерді алдағы уақытта да жалғастырмақ.

Сабина Жолдаспаева