Биыл 172 мың гектар аумақта қансорғыштарға қарсы биологиялық және химиялық өңдеу шаралары жүргізіледі. Осылайша, өңделетін аумақ көлемі былтырғымен салыстырғанда ұлғайды. Улау жұмысы қашан басталады және қалай өтеді? Тілшіміз тарқатсын.

Шыбын- шіркеймен күрес сәуір айында басталады. Әуелі әуе арқылы жүргізіледі. Авиа өңдеу жұмыстары кезінде биологиялық және химиялық препараттар қолданылды. 10 ұшақ Павлодар және Ақсу қаласы мен Ертіс, Ақтоғай, Тереңкөл және Павлодар аудандарында дәрі бүркеді.

ДИЯР ҚАЙЫРКЕНОВ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ СУ РЕСУРСТАРЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда дайындық жұмыстары басталды бізде. Ең алдымен дәрі дәрмектің келуі бізде наурыз айна болжам. Тікелей реттеу жұмыстары басталатын болады. 3 кезеңнен тұратын. Бірінші кезеңде жайылма ол бізде 4 аудан мен жайылмасын қамтиды. 60 елдімекендерді.

Бұдан кейін жұмыстар құрылық және су арқылы жүргізіледі. Қансорғыштар қанаттанбай тұрып олардың дернәсілі жойылуы керек. Облыс бойынша 100-ден аса адам жұмыс істейді деп жоспарланған.

Әйгерім Тоқпанқызы