Бүкіләлемдік өкпе аурумен күрес күніне орай облыстық фтизиопульмонология орталығында айлық өтті. Өңір тұрғындары Наурыз айының 24-не дейін дәрігерлердің тексерісінен өтіп, талдау тапсырды. Тілшіміз толығырақ айтсын.

Айлық шеңберінде орталыққа 198 қала тұрғыны денсаулықтарын тексеруге келген. Сақтықта қорлық жоқ. Бұл шараның басты мақсаты - салауатты өмір салтын жүргізу, алдын ала тексерулерден уақытында өтіп, туберкулездің алғашқы белгілерін айқындап, емдеу тиімділігін арттыру болып табылады.

НАТАЛЬЯ СИПИЙ, БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ

24 ші ақпаннан 24 наурыз аралығында Павлодар облыстық... Туберкулез әлемде ең кең тараған жұқпалы аурулардың бірі. Ол ауа тамшы жолымен беріледі.

Бүгінде 300 орынға шақталған ауруханада 118 науқас ем алып жатыр. 282 емделуші амбулаториялық емдеуде. Медицина саласы жыл сайын дамып келеді. Флюрография өтумен қатар, туберкулез ауруын 2 сағат ішінде молекулярлық-генетикалық тест арқылы білуге болады. Індет жұқпалы. Сондықтан тексерісті тұрғылықты мекен жайы бойынша немесе облыстық туберкулез диспансерінде өтуге болады. Павлодар қаласының тұрғыны 61 жастағы Мырзабай Абдрахманов жыл сайын дәрігерлердің тексерісінен өтеді екен.

МЫРЗАБАЙ АБДРАХМАНОВ, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

 Денсаулығымды тексеруге жылда келіп отырамын. Өзім үшін тексерілемін. Бәрі жақсы болсын деп тілеймін өзіме. Арта қалған жастарға денсаулығы жақсы болсын деп тілейімн.

Өткен жылы аймақ бойынша өкпе ауруы 296 азаматтан анықталған. Былтырмен салыстырғанда, 0,3 пайызға төмендеген. Ақ халаттылардың айтуынша, осы алдын алу жұмыстары арқасында туберкулез ауруына шалдыққан адамдар санын азайтуға болады.

Әйгерім Тоқпанқызы