Өңіріміздегі көзі тірі санаулы ардагерлердің бірі Сергей Выжутович. Ол майдан даласында ғана емес Павлодар обылсының өсіп-өркендеу жолында да еңбек етті. Отан соғысының сұрапыл сынақтарын бастан өткеріп, майданнан оралған соң облыс орталығы құрылысына ат салысып, бейбіт даму жолына да күш-қайратын аямады.
Сергей Выжутович Отан қорғауға 18 жасында Жеңіске бір жыл қалғанда аттанды. Жастығына қарамастан соғыстың ауыртпалығын басынан өткеріп, ондаған сұрапыл шайқастарға қатысқан. Екінші Беларусь майданындағы гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында басып алынған жерлерді азат ету үшін шайқасып, Польшаға дейін жетті.
СЕРГЕЙ ВЫЖУТОВИЧ, СОҒЫС АРДАГЕРІ
Балтық теңізінің солтүстік жағалауындағы жорықтар мен шабуыл шайқастарында алға шықтық. Екінші Беларусь майданы, 65-армияны Павел Иванович Батов басқарды. Мен 133 -гвардиялық полк, атқыштар дивизиясында болдым. Біз Гдынья қаласына дейін бардық. Үшінші мамырда Балтық теңізінің жағасындағы Росток қаласына жеттік. Сонымен соғыс аяқталды.
Жеңіске жеткеннен кейін Сергей Выжутович Құрлық әскерлерінің Солтүстік тобында қызметін жалғастырды. 1947 жылы авиациялық училищеде радиотехника шеберлерін дайындайтын оқуды аяқтап, Балтық жағалауы елдеріне, Рига қаласына жіберілді. Бірнеше жыл қызмет еткеннен кейін Павлодарға шақырылды.
СЕРГЕЙ ВЫЖУТОВИЧ, СОҒЫС АРДАГЕРІ
Павлодар қаласында Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарын даярлайтын және дайындайтын әскери бөлім құрылды. Мен әуе кемелерінің радиотехникалық құрылғыларымен бұрыннан таныс едім, сондықтан келістім. Содан кейін құрылысшы болып жұмыс істей бастадым. 28 жыл құрылыс алаңдарында слесарь, прораб, болып еңбек еттім. Павлодар қаласын салдық. 1951 жылы келгенімде бұл жерді ауыл деуге де болатын еді. Су құбыры да, автобус та, жол да жоқ болды. Осының бәрін біз сол жылдар ішінде тұрғыздық
Ардагер екінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және көптеген мерейтойлық марапаттармен марапатталған.
Жанасыл Серікбол