Театр — көрер көзге, көңілге ерекше ләззат сыйлайтын өнердің бірегей саласы. Өңіріміздегі Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрына биыл 35 жыл. Атаулы мерейтойға орай театр ұжымы облыстық кітапханада өнер сүйер қауыммен кездесті. Толығырақ алдағы сюжетте.

Бүгінде өңіріміздегі киелі өнердің қара шаңырағы — Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының ұжымы өзіндік ізденісімен көзге түсуде. Бұл ретте біршама еңбек атқарылғаны мәлім. Театр күні қарсаңында облыстық кітапхана әртістермен кездесу шарасын ұйымдастырды.

ГҮЛБАРШЫН ЖАЙСАНҒАЛИЕВА, С.ТОРАЙҒЫРОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНАНЫҢ ОҚУ ЗАЛЫНЫҢ СЕКТОР БАСШЫСЫ

Жүсіпбек Аймауытов театры көрермен қауымның ойынан шығып, жоғары кәсіби, өз ісінің майталмандары ғой. Сондықтан біз көрермендерді шақырдық, оларға кітап көрмесін ұйымдастырдық. Бүгін тек ғана актерларме кездесу кешінде сұрақ-жауап ғана емес, сонымен қатар актерлар өз шеберліктерін көрсетеді. Көрермендер де көрсетеді, сонымен қатар сайыстар болады әртүрлі.

Биыл отыз алтыншы маусымы ашылған өнер ұжымы көрерменге жыл сайын жаңа спектакльдер ұсынып келеді. Одан бөлек, елімізде және шетелдерде өткен театр фестивальдерінде бірнеше рет жүлде алған.

МЕДЕТ САДЫҒАЗИН, Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

27-сі күні халықаралық театр күні. Жылда өзімізідң атап өтетін төл мерекеміз деп айтуға болады. Театрымыз күннен-күнге дамып жатыр. Қысқы жаңажылды қарсы алып, одан жаңа қойылымдармен басталып жатыр. Одан кейін алдымызды әр қалаларға гастрольдік сапарларымыз бар, театрда күнде жұмыс, қарқынды дамып жатыр

Сондай-ақ, театрда бүгінде жас әртістердің еңбек етіп жатқаны көңіл қуантады. Оларға театр тарапынан да мол мүмкіндіктер қарастырылған.

РАЙХАН ЖҰМАҚАНОВА, Ж. АЙМАУЫТОВ АТЫНДАҒЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ

Қазіргі таңда бізде көптеген режиссерлар шетелден шақырылуда. Мен келгелі осы театрға екі жылды болды. Сергей Левицкий, ал осы жолы Лондоннан режиссер келді Оплякули деген. Сонымен қазір жастар да, үлкендерде жұмыс жасап жатыр. Әртүрлі режиссерлармен жұмыс жасау мүмкіндігі өте жоғары берілген бізге

Кездесуге студенттер, әскери бөлім сарбаздары мен өнерсүйер қауым қатысты. Сондай-ақ, «Сахна өнері немесе қазақ театрлары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Актерлік мамандықтың қыр сырын терең меңгерген өнер иелері өз тәжірибелерімен де бөлісті.

Қымбат Садық