Павлодарда «BABY SKILLS» сайысы өтті. Оған қаламыздың мектептерінен 7 қыз қатысты. Осы жолы кішкентай қыздар шаш түйрегіш жасап, сынға түсті. Толығырақ тілшіміз айтсын.

Мына ыстық желім, матаны қолға алған қыздар шаштарын жинайтын түйреуіш жасау бойынша сайысқалы отыр. Дүкенде дайын шаш жинағыштар бағасы 1000 теңгеден басталады. Ал, бұл қатысушылар оны өздері жасап алады.

Павлодар қызмет көрсету саласы колледжі жылда әртүрлі бағыттағы сайыстарды ұйымдастырады. Екі жыл қатарынан мектеп жасындағы қыздардың басын қосып, шаш түйреуіші бойынша шара өткізіп келеді. «Бейби скилс» дәстүрге айналған сайысы биыл да қолға алынды.

АЗАМАТ КАШИТОВ, ПАВЛОДАР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САЛАСЫ КОЛЛЕДЖІНІҢ БАСШЫСЫ

Екі жыл бұрын қыздар модельдерді жасау бойынша жарысты, жастар апликация жасады. Қыздарға арналған киім тікті. Екі жыл бойы шаш түйрегіш жасап сайысып келеді. Байқаудың өзі 4 жыл қатарынан өтіп отыр. Оның екеуі тігіншілік бағыты бойынша болды, енді екі жыл шашты жинау, әрлеу бағыты бойынша. Байқаудың өзі бейби скилс, джуниор скиллс, уорлд скилс болып бөлінеді.

Сайыс фантазияны жетілдіріп, ұсақ моториканы дамытады, оқушылардың демалыс кезінде уақытын тиімді пайдалануға бағытталған. Шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар табысталды.

Самал Қалиқызы