Премьер-министр Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді. Оның аясында Екібастұздағы бірқатар кәсіпорын өкілдерімен кездесті. Мұнда Мемлекет басшысының өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы мен шаралары талқыланды Сондай-ақ, энергетиканы дамыту мәселесі жөнінде республикалық кеңес өткізді.

Премьер-министр алдымен «Бозшакөл» мыс кеніші алаңында технологиялық үдерістермен танысты. Зауыт жылына 30 млн тонна кен өңдейді. Өткен жылы 105 мың тонна мыс өндірілді. Кейін «Қазақстанның вагон жасау компаниясы» ЖШС аумағында әмбебап жартылай жүк вагондарын, жабық вагондарды, сондай-ақ жүк тасымалы көлемінің жыл сайынғы өсуін ескере отырып, көрсеткіштерді одан әрі арттыру жоспарларымен танысты. Айта кетейік, кәсіпорын құрылғалы бері 9 мыңнан астам жартылай вагон, 26 платформа және 2 жабық вагон шығарған. Кәсіпорын, жұмысшы мамандықтары жылы аясында жас мамандар даярлауға ерекше көңіл бөлінуде.

ЖОЛАМАН АХМАДИЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ВАГОН КОМПАНИЯСЫ» ЖШС БАС ИНЖЕНЕРІ

Біздің қазіргі зауытымызда 800-ге жуық маман жұмыс істейді. 2025 жыл жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан қазіргі таңда зауытымызда лқу орынын ашып, сол 800 қызметкердің біліктілігін арттыруда жұмыс атқарып жатырмыз.

РЕНАТ ТИМУР, «ҚАЗАҚСТАН ВАГОН КОМПАНИЯСЫ» ЖШС ЖАБДЫҚТАРДЫ ЖИНАҚТАУ ИНЖЕНЕРІ

Мен 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап осында жұмыс істеймін. Менің міндеттерім осы зауытта біздің жабдықтар тоқтамау үшін техникалық құжаттамаларды растау, оларды енгізу, дайындау саласында істеймін. Осы жылы Президентіміз Жұмысшы мамандықтар жылы деп атап кетті, ол бізге үлкен көмек деп санаймын.

Содан кейін үкімет басшысы Екібастұзда МАЭСтанциясында республикалық кеңеске қатысты. Мұнда Батыс аймақтың электр желілерін еліміздің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру, энергия тиімділігін арттыру және басқа да мәселелер қаралды.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ

2035 жылға дейін біз кем дегенде 26 гегабат жаңа қуат көздерін қолданысқа енгізетін боламыз. Ол жаңартылатын энрегия көздері газ гидро және атом энергетикасы қуаттарын іске қосу арқылы қамтамыз ету керек. Күні кеше Мемлекет басшысы атом энергиясы жөніндегі агенттік құру туралы жарлыққа қол қойды. Енді атом саласын жан-жақты дамыту, атом электр станцияларын салу,ядролық кластерді құру мәселелерімен жаңадан құрылған агенттік айналысатын болады.

Энергетиканы дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте саланың негізгі бағыттары, оның ішінде жаңа қуат көздерін іске қосу, инфрақұрылымды жаңғырту да талқыланды.

Қымбат Садық